
Іріктеу кезеңінде ұлттық құрама Беларусь аяқдопшыларымен кездесті. Нұр-Сұлтан қаласында өткен матч 5:2 есебмен аяқталды. Алаң иелері сапынан Біржан Оразов, Дәурен Тұрсағұлов, Лео және Шыңғыс Есенамановтар гол соқты. Шыңғыс Есенаманов дубльдің авторы атанды.
Еске сала кетейік, жерлестеріміз бұған дейін іріктеу кезеңі аясында Венгрия құрамасын жеңген еді. Енді Рикардо Кака баптайтын жігіттер тағы 4 кездесу өткізу керек. Еуропа чемпионатына әр топтың жеңімпаздары жолдама алады. Құрлықтық доданы алдағы жылы Нидерланд қабылдайды.