БастыДенсаулық

Коронавирус жұқтырған 243 адамның жағдайы ауыр

Наурыздың 3-і күнгі ақпарат бойынша Қазақстанда коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмониямен 65 адам ауруханаға жатқызылды және 2 адам қайтыс болды, деп хабарлайды coronavirus2020.kz сайты.

Оған қоса 221 адам емделіп шықты. 2020 жылдың тамыз айынан бері елімізде коронавирус пневмониясымен 49372 адам ауырып, 630 адам қаза тапты. Ал жазылып шыққандар саны 42741-ді құрап отыр.

Айта кетейік, 3 наурыздағы мәлімет бойынша, 19 304 адам коронавирус инфекциясынан (13 303 КВИ+ және 6 001 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 4 340 пациент стационарда, 14 964 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: • 243 адамның жағдайы ауыр; • 42 пациенттің жағдайы өте ауыр; • 47 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button