
Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров мемлекеттік сапармен Нұр-Сұлтан қаласына келді. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады.
Бұл көрші ел басшысының президент болғалы Қазақстанға жасап отырған алғашқы сапары. Бұған дейін Садыр Жапаров мемлекеттік сапармен Ресейге барған болатын. Ол кезде Ресей Президенті Владимир Путинмен кездесіп, екі жақты қарым-қатынастың өзекті мәселелерін талқылаған еді.


