БастыДенсаулық
Covid-19 инфекциясынан емделіп жатқан 250 науқастың жағдайы ауыр
2 наурыздағы мәлімет бойынша, 19 694 адам короновирус инфекциясынан (13 535 КВИ+ және 6 159 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 4 360 пациент стационарда, 15 334 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда, деп хабарлайды ҚР ДСМ баспасөз қызметі.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: • 250 адамның жағдайы ауыр; • 48 пациенттің жағдайы өте ауыр; • 44 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Айта кетейік, 2 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияны 13 адам жұқтырып, 3-уі қайтыс болды.
Сондай-ақ 213 адам аталмыш дерттен жазылып шықты. 2020 жылдың тамызынан бастап елде коронавирус пневмониясын жұқтырғандар саны 49307 адам болса, осы дерттен қаза болғандар 628 адамды құрап отыр, ал 42520 адам аурудан жазылып кеткен. Айта кетейік, коронавирус пневмониясынан кеше де 3 адам қаза болған еді.