
3 210 әуе жолаушысының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 2 481 адам, анықтамасыз 729 ҚР азаматтары келді, деп хабарлайды ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналы.
Ондағы ақпараттарға қарағанда, елге келген азаматтардың ішінде:
Алматы қаласының әуежайына – 15 рейс, 2 033 жолаушы, анықтамамен – 1 693, анықтамасыз – 340;
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 8 рейс, 1 177 жолаушы, анықтамамен – 788; анықтамасыз – 389.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.
2021 жылдың 27 ақпанында анықтамасыз келген 473 ҚР азаматының ПТР-талдау нәтижелері бойынша Дубай – Алматы рейсімен келген төрт жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды.