Коронавирустан емделіп жатқан 248 адамның жағдайы ауыр
1 наурыздағы мәлімет бойынша, 20 140 адам коронавирус инфекциясынан (13 778 КВИ+ және 6 362 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 4 472 пациент стационарда, 15 668 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда, деп хабарлайды ҚР ДСМ баспасөз қызметі.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: • 248 адамның жағдайы ауыр; • 50 пациенттің жағдайы өте ауыр; • 44 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Айта кетейік, бүгінгі мәліметтер бойынша коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмония 10 адамнан анықталды, 3 адам коронавирус пневмониясынан қаза болды.
Коронавирус инфекциясынан 214 адам емделіп шықты. 2020 жылдың 1 тамызынан бастап ауырғандар саны 49294 болды, 625 адам қаза болып, 42307 адам жазылып шықты.
Сонымен қатар, 1 наурыздан бастап Нұр-Сұлтанда коронавирусқа қарсы екпені мұғалімдер, балабақша тәрбиешілері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері алады.
Қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бұл топқа 15 мыңнан астам адам кіреді. Осы санаттағы адамдарды вакциналау үшін Нұр-Сұлтанда 36 алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарында екпе егу бөлмелері ұйымдастырылды. Сондай-ақ екпе салдыртуға ведомствоаралық ұйымдар да қатысады. «Мұғалімдер мен тәрбиешілерге вакциналау АМСК ұйымдарына білім беру ұйымы бекітілген жері бойынша жасалады. Вакцина алатындардың тізімдері жасалды, тиісті емханаларға жіберілді», – деп атап өтеді басқармадан. 1 ақпаннан бастап Нұр-Сұлтанда барлығы 2 126 адам коронавирусқа қарсы екпе алды. Өткен демалыс күндері басқарманың қоймаларына 7 мыңнан астам вакцинаның жаңа дозасы түсті.