БастыДенсаулық

Қазақстанда бірінші коронавирус жұқтыру дерегі тіркелді

Қазақстанда бірінші коронавирус жұқтыру дерегі тіркелді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ақпаратты еліміздің денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов өкілдері растады.

Коронавирус бірден екі қазақстандықтан анықталған, олар Германиядан келген.

«Біз үш ай коронавируспен күрес жүргіздік. Барлық қажетті іс-шаралар аурудың еніп кетуіне жол бермеу үшін қолға алынды. Бүгін біз екі азаматтың сынамасынан вирус расталғаны туралы мәлімет алдық. Олар Германиядан келді, олардан коронавирус анықталды. Олар Алматыдағы стационарға орналастырылды. Бұл адамдардың клиникалық белгілері жоқ, жағдайы жақсы. Барлық қажетті шара қабылданып жатыр», – деді денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.

Еске салайық, мұның алдында бас санитар дәрігер Жандарбек Бекшин Қазақстанға коронавирус 11-16 наурыз аралығында келетінін айтқан болатын.

Басқа жаңалықтар

Back to top button