
Жоспар ішіндегі белгілі бір талаптар орындалмаса эстафетаның тоқтатылуы мүмкін екені айтылған. Құжатқа сәйкес, егер алау жүріп өтетін бағытта адам тым көп жиналса эстафета тоқтатылуы мүмкін.
Осыған байланысты ұйымдастыру комитеті жергілікті тұрғындарды алаумен жүгіріп өту рәсімін тікелей эфирден ғана тамашалауға шақырады. Ұйымдастырушылар да маска тағу, әлеуметтік қашықтық сақтау, дезинфекция құралдарын пайдалану сынды қауіпсіздік шараларының барлығы сақталу қажеттігін атап өтті.