БастыСпорт

Сабина Алтынбековадан асып түскен ең сұлу волейболшы қыз кім?

Грекиялық Gazzetta басылымы әлемдегі ең сұлу волейболшы қыздар тізімін жасады. Ресейлік 25 жастағы Алиса Маненок Сабина Алтынбекованы екінші орынға ысырып, әлемдегі ең сұлу волейболшы қыз атағына ие болды.

Маненок спортты модельдік бизнеспен бірге алып жүр: ол үнемі түрлі сұлулық байқаулары мен сән көрсетілімдеріне қатысады. 2018 жылы Алиса Сеулде өткен World Beauty Queen конкурсында жеңіп шыққан. Татарстан астанасында тұратын спортшы Қазан университетінің командасында ойнайды.

Gazzetta тұжырымы бойынша ең әдемі он волейболшы:

1. Алиса Маненок (Ресей, 25 жас)
2. Сабина Алтынбекова (Қазақстан, 23 жас)
3. Клара Перич (Хорватия, 22 жас)
4. Джейми Роббинс (АҚШ, 22 жас)
5. Зехра Гюнеш (Түркия, 21 жас)
6. Уинифер Фернандес (Доминикан, 25 жас)
7. Луиза Липпманн (Германия, 25 жас)
8. Бьянка Буша (Сербия, 26 жас)
9. Саманта Брисио (Мексика, 25 жас)
10. Мария Стенцель (Польша, 21 жас)

Басқа жаңалықтар

Back to top button