БастыДенсаулық

Елімізде 1 наурыздан бастап карантин талаптары жеңілдейді

Биылғы жылдың 1 наурызынан бастап Қазақстанда карантин талаптары жеңілдейді. Жағымды жаңалықпен Атамекен ҰКП төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева Facebook парақшасында бөлісті.

«Сүйінші жаңалық! Ведомствоаралық комиссияның отырысында коронавирустың таралу қарқынының төмендеуіне байланысты «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасының бірқатар ұсынысы қабылданды»,-деп жазды палата төрағасының орынбасары.

Оның сөзінше, 1 наурыздан бастап мына рұқсат етіледі.

Жасыл аймақта:

1) жанкүйерлер қатысатын спорт жарыстары (қатысушылар саны талқыланып жатыр)

2) 50 адамға арналған еске алу асы (залдың 30% ғана толтыра отырып)

3) бильярд қызметіне

4) ғимараттардағы балаларға арналған ойын-сауық клубтарына;

5) цирктарға

Сары аймақта:

Базарлар мен сауда, ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері жексенбі күні де жұмыс істей алады.

АШЫҚ қосымшасы:

1) боулинг қызметі;

2) компьютер клубтарының қызметі;

3) фитнесс-орталықтар, бассейндер – жасыл және сары аймақтар үшін жұмыс істеуге рқсат етілді.

«Жалпы алғанда санитарлық талаптарды сақтай отырып, бизнестің жабық нысандарының да жұмыс істеуіне рұқсат етуге болады деген түсіністік бар»,-деп жазды палата өкілі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button