БастыДенсаулық

Атырауда вирусқа қарсы дәрілер сатылымнан алынды деген ақпарат – жалған

Атырауда вирусқа қарсы және дене қызуын түсіретін дәрілер сатылымнан алынбаған. Бұл туралы coronavirus2020 сайты хабарлады.

Бұған дейін WhatsАpp мессенджерінде вирусқа қарсы және дене қызуын түсіретін түрлі препарат дәріханалардан алынып жатыр деген ақпарат тараған. Бұл деректі облыстық денсаулық басқармасы медициналық көмекті ұйымдастыру және лицензиялау бөлімінің басшысы Нина Оспанова жоққа шығарды.

«Әлеуметтік желіде тараған ақпарат жалған. Керісінше, өңірлерде коронавирус инфекциясының таралуына байланысты індеттің алдын алу шараларын қатаңдату кезінде дәрі қорын қайта қарау, толықтыру жұмысы жүргізілуде», – дейді Нина Оспанова. Оның мәлім етуінше, қазір облыста екі айға жететін жеке қорғаныш құралдары мен дәрілік заттардың қоры сақтаулы тұр. Сондай-ақ, амбулаториялық жағдайда ем қабылдауға арналған 189 мыңға жуық вирусқа қарсы медициналық препарат, инфекциялық стационарларда 1 миллионға жуық дәрі бар. Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысына «Спутник V» вакцинасының 1 мың дозасы әкелінетіні хабарланған еді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button