Алматы облысында адасып кеткен 3 ойын баласы таудан табылды

18 ақпан сағат 14:35 шамасында 1976 жылғы азаматша Кеген аудандық полиция бөліміне кәмелет жасына толмаған 3 баланың ойнауға кетіп, оралмағанын айтып жүгінген.

https://kaznovosti.kz/wp-content/uploads/2021/02/tau-shatqaly.mp3?_=1

«Балалардың жоғалғаны туралы хабар түсе салысымен бірден жаппай іздестіру шаралары ұйымдастырылды. Нәтижесінде, сол ауылдық округке жауапты учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны С.Баянбекұлы мен ЖПҚБ ювеналды полиция тобының инспекторы, полиция аға инспекторы Ж.Малибеков аумақты шолу барысында сағат 15:30 шамасында балаларды тау шатқалында ойнап жүрген жерлерінен тауып, анасына табыстады. Бүлдіршіндердің ойнап жүріп, тау ішіне кіріп, адасып кеткендігі белгілі болды. Ювеналды полиция тобының қызметкерлері балалардың анасымен профилактикалық бағыттағы түсіндіру жұмыстарын жүргізді», – дейді Кеген аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Ерлік Үркімбаев.

Өз кезегінде, балаларымен қауышқан ата-ана шын жүректен тәртіп сақшыларына алғысын білдіріп, жұмыстарына табыс тіледі.