2021 жылдың 19 ақпанындағы жағдай бойынша БЖЗҚ-ға уәкілетті операторлардан («Отбасы Банкі» ТҚЖБ» АҚ, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ, сондай-ақ, «Банк ЦентрКредит» АҚ) тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруға 150 219 өтініш түсті.
Жалпы сомасы шамамен 522,3 млрд теңге болатын 97 814 өтініш орындалды. Салымшылардың арнайы шоттарына түскен төлемдердің орташа сомасы 5,3 млн теңгеден асады.
Арнайы шоттарға төлем алғандардың 20% жуығы Алматы қаласында тұрады, орындалған өтініштердің 17%-ға жуығы Маңғыстау облысының тұрғындарынан, ал шамамен 16% елордамыз Нұр-Сұлтан қаласынан жіберілген екен. Өңірлер бойынша толық ақпарат enpf.kz сайтындағы «Көрсеткіштер» – «Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдері» бөлімінде берілген.
Жалпы сомасы 21,4 млрд теңгеге жуық 4 842 өтініш салымшылардың уәкілетті операторларда ашылған арнайы шоттарына кейіннен төлемдерді жүзеге асыруға аудару үшін өңделуде.
25 қаңтардан бастап (БЖЗҚ уәкілетті оператордан өтініш қабылдай бастаған күн) 47 253 өтініш заңнама талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты қабылданбады.
Орындалған өтініштердің басым бөлігі ( 38%) ипотекалық қарыз бойынша берешекті ішінара немесе толық өтеу мақсатына (оның ішінде ислам банкінің қаржыландыруы шеңберінде) бағытталғанын көрсетеді. Өтініш білдірген салымшылардың 26% астамы зейнетақы ақшасын тұрғын үйді ипотекасыз (толық сатып алу) сатып алуға жіберу туралы шешім қабылдаған. Зейнетақы жинақтарын пайдалануға танымалдығы жағынан үшінші орындағы сұраныс – жақын туыстарына беру (өтініштердің 19% астамы).

