
Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, 15-21 наурызда өтетін St.Petersburg Ladies Trophy жарысын ұйымдастырушылар қатысушылардың алдын ала тізімін жария етті. Қазіргі кезде дүниежүзілік рейтингте 12-орында тұрған, 2016 жылы Санкт-Петербург додасының финалына дейін жеткен швейцариялық Белинда Бенчич турнирдің бірінші ракеткасы болып тіркелген. Ю.Путинцева 2017 жылы осы жарыста табысты өнер көрсетіп, финалда франциялық Кристина Младеновичпен кездескен болатын. Онда қазақстандық теннисші 2:6, 7:6, 4:6 есебімен есе жіберді.