БастыҚоғам

Мемлекет басшысы Өзбекстанның Сыртқы істер министрін қабылдады

Мемлекет басшысы Нұр-Сұлтан қаласына жұмыс сапарымен келген Өзбекстанның Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камиловті қабылдады.

 

 

Кездесу барысында министр Президентке Өзбекстан көшбасшысының Ташкент қаласында «Орталық Азия және Оңтүстік Азия: өңірлік өзара байланыстар. Сын-қатерлер мен мүмкіндіктер» атты халықаралық конфе

ренция өткізу туралы бастамасына қолдау білдіру туралы өтінішін жеткізді.

Соныме

н қатар Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы берік достық пен тату көршілікке негізделген стратегиялық серіктестіктің қазіргі ахуалы және оны әрі қарай нығайтудың перспективалары талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев әлемдегі күрделі жағдайға және пандемияға қарамастан екі елдің қарым-қатынастары жоғары деңгейде екенін, қазіргі сын-қатерлерге орнықты төтеп беріп отырғанын айтты.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевқа зор денсаулық және бақ-береке тілеген сәлемін жолдап, Өзбекстан Президенті эпидемиялық ахуал жақсарғаннан кейін Қазақстанға сапармен келетініне сенім білдірді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button