БастыДенсаулық

Қарағанды облысында карантин талаптары жеңілдейді

2021 жылдың 6 ақпанынан бастап Қарағанды облысы «жасыл аймаққа» кірді, коронавирус инфекциясы бойынша тұрақты эпидемиологиялық ахуал сақталған жағдайда 20 ақпаннан бастап бірқатар шектеу шарасы алынып тасталады.

Қарағанды облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды.Егер өңір «жасыл аймақта» қалса, мына шектеулер алынып тасталады :

– жұмыс уақытын шектеу толығымен алынып тасталады, оның ішінде жексенбі күндері келесі қызмет түрлерін қайта бастауға рұқсат етіледі:

– СПА-орталық, сауна, монша және массаж салондары,

– жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарлар,

– сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, 2 000 шаршы метрден астам сауда желілері,

– аквапарктер қызметі қайта жанданады;

– сенбі және жексенбі күндері қалааралық облысішілік тұрақты жолаушылар қатынас тасымалының қозғалысы қайта басталады:

– Қарағанды-Теміртау-Қарағанды;

– Қарағанды-Саран-Қарағанды;

– Қарағанды-Шахтинск-Қарағанды;

– Қарағанды-Абай-Қарағанды;

– Қарағанды-Шахан-Қарағанды;

– Қарағанды-Топар-Қарағанды.

– екінші деңгейлі банктер, пошта бөлімшелері, Халыққа қызмет көрсету орталықтары, адвокат және нотариат кеңселер, жеке сот орындаушылары, заң көмегін көрсететін және консультация беретін объектілер, ломбард, айырбастау пункті, жылжымайтын мүлік операциясы жөніндегі компаниялар, жарнама агенттіктері, типография, микроқаржы және микрокредиттік ұйым, сақтандыру компаниясы, мүлікті бағалау жөніндегі объектілер, аудиторлық объектілер, ақпараттық-коммуникациялық технология компаниялары, бизнес орталықтардың, яғни қызмет көрсету саласындағы субъектілердің жұмыс режиміне қойылатын шектеулер алынады;

– мемлекеттік органдардың (ұйымдардың, кәсіпорындардың), квазимемлекеттік сектор органдарының, ұлттық компаниялардың, өзге де ұйымдардың, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілерінің басшыларына қашықтан жұмыс істейтін нысандағы қызметкерлердің санын 60%-дан 50%-ға дейін азайтуға рұқсат етіледі (штат кестесінде 15 және одан да көп қызметкер болған жағдайда);

– діни мекемелерге, атап айтқанда мешіт, шіркеу, храм, собор, ғибадат үйлеріне және басқаларға діни мекемелерде ұжымдық құдайға құлшылық етуге және мешіттерде намаз оқуға (бес намаз), толымдылығы 30%-ға дейін, сондай-ақ «жұма намазын» тек ауылдық жерлерде, қуаттылығы 150 адамға дейін, мешіттерде 25%-дан аспайтын көлемде өткізуге рұқсат етіледі;

– мәдениет объектілеріне (театрлар, кітапханалар, мұражайлар) және кинотеатрларға толуды 20-дан 30% – ға дейін арттыруға, ал репетициялардағы адамдардың ең көп санын 30-дан 50 адамға дейін ұлғайтуға рұқсат етіледі.

Бұдан басқа, жаппай, сондай-ақ отбасылық, естелік және өзге де іс-шараларды, оның ішінде үйде, адамдар көп жиналатын іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салынады.

Тұрғындарға: қызметі қайта басталмаған объектілерге (бильярд, караоке, боулинг орталық, батут, компьютер клубтары, түнгі клуб, букмекерлік кеңселер және ойын клубтарына) баруға, сондай-ақ олардың жұмыс режиміне сәйкес жабылғаннан кейін объектілерде болуға тыйым салынады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button