Қоғам

Еліміздің кей жерлерінде 33 градусқа дейін аяз болады

«Қазгидромет» РМК 18-20 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады.

18-19 ақпанда Оңтүстік Каспий циклоны Қазақстанның ауа райына ықпал етеді. Жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады, республиканың солтүстік аймақтарында боран болады деп күтілуде.

19 ақпаннан бастап еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы айтарлықтай төмендейді. Солтүстік өңірлерде түнде -15-33 ℃ дейін, оңтүстікте 0, +5 ℃ дейін, кей жерлерде -10-15 ℃ болады.

Республиканың кей аймақтарында тұман, көктайғақ болып, желдің күшеюі ықтимал.

Басқа жаңалықтар

Back to top button