
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі таратқан мәліметке сенсек, 18 ақпан сағат 11:30 кезінде қар мен боранға байланысты мына өңірлерде тасжолда қозғалысқа шектеу енгізілді:
Қостанай облысы
автокөліктің барлық түріне тыйым салынады:
1. «Қарабұтақ-Денисовка-Рудный-Қостанай» автожолының 231-503 шақырымы. Атап айтқанда, Ақтөбе облысының шекарасы мен Рудный қаласының аралығындағы учаске.
2. «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» автожолының 7-237 шақырымы, атап айтқанда Қостанай қаласы мен Ақмола облысы шекарасының аралығы.
3. «Жезқазған-Петропавл» автожолының 252-377 шақырымы, Қарағанды облысы мен Ақмола облысының шекарасы аралығы.
4. «Денисовка-Жетіқара-Мүктікөл-РФ шекарасы» автожолының 0-161 шақырымы, Денисовка ауылы мен РФ шекарасы аралығындағы учаске.
Ақмола облысы
автокөліктің барлық түріне тыйым салынады:
1. «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» автожолының 232-260 шақырымы, Қостанай облысының шекарасы мен Сұрған ауылының аралығы.
2. «Жезқазған-Петропавл» автожолының 377-595 шақырымы. Атап айтқанда, Қостанай облысы мен Солтүстік Қазақстан облысы шекарасының аралығындағы учаске.
3. «Жақсы-Есіл-Бұзылық» автожолының 63-82 шақырымы, Есіл қаласы мен Бұзылық ауылының арасы.
Қарағанды облысы
автокөліктің барлық түріне тыйым салынады:
1. «Жезқазған-Петропавл» автожолының 142-252 шақырымында, атап айтқанда, Сарлық ауылы мен Қостанай облысының шекарасы аралығындағы учаске.
Ақтөбе облысы
автокөліктің барлық түріне тыйым салынады:
1. 17 ақпан сағат 21.45-те «Ақтөбе-Атырау-РФ шекарасы» автожолының 100-330 шақырымы, атап айтқанда, Қандыағаш қаласы мен Атырау облысының шекарасы аралығындағы учаске (аталған учаске реконструкцияланып жатыр, «Uniserv»).
2. 18 ақпан сағат 01:10-да «Ақтөбе қаласының солтүстік айналма жолының» 0-39 шақырымы, Ақтөбе қаласының учаскесі.
жүк және қоғамдық көлік жүре алмайды:
3. 18 ақпан сағат 01.05-те (Нұр-Сұлтан уақытымен) «Ақтөбе-Орск» автожолының 39-136 шақырымында, атап айтқанда, Ш.Қалдаяқов ауылы мен РФ шекарасы аралығындағы учаске.
4.«Қарабұтақ-Денисовка-Рудный-Қостанай» автожолының 85-234 шақырымында, атап айтқанда, Жүргенов ауылы мен Қостанай облысының шекарасы аралығы.
Атырау облысы
жүк және қоғамдық көлік жүре алмайды:
1. «Ақтөбе-Атырау- РФ шекарасы» автожолының 616-847 шақырымы, Атырау қаласы мен Құрманғазы ауылының арасы (аталған учаске реконструкцияланып жатыр.
2. «Ақтөбе-Атырау- РФ шекарасы» автожолының 330-504, шақырымы, Ақтөбе облысының шекарасы мен Доссор ауылының арасы (аталған учаске реконструкцияланып жатыр).
Алматы облысы
автокөліктің барлық түріне тыйым салынады:
1. Үшарал-Достық автожолының 84-184 шақырымы, атап айтқанда, Көктума мен Достық станцияларының аралығындағы учаскеде («АБК-Автодор НС» ЖШС реконструкциялау учаскесі) қозғалысқа шектеу енгізілді.