БастыДенсаулық

Оралда бір күнде 50 адамнан коронавирус табылды

БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, Оралда бір күнде 50 адамнан коронавирус табылды.

Соңғы үш күнде өңірде 205 адамның ауырғаны тіркелсе, соның 118-і, яғни тең жартысынан астамы облыс орталығында анықталған.

Сондай-ақ үш күнде Шыңғырлау ауданында 20, Бәйтеректе 14, Ақжайықта 12, Теректіде 11, Бөрліде 10 адамнан коронавирус табылды.

Індет басталғаннан бері облыста 12329 адам дертке шалдығып, соның 9897-сі жазылып шықты. 199 адам көз жұмды.

Эпидемиологтардың сөзіне қарағанда, індетті қоғамдық орындар мен базарларда, адамдар көп жиналатын орталықтарда, жұмыс барысында, автобуста жұқтыру деректері тіркелуде. Сонымен қатар түрлі отбасылық іс-шаралардың тыйылмауы да алаңдатады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button