
Қазақстан құрама сапынан жарыс жолына үш биатлоншы шықты. Александр Мухин мәреге 69-шы болып, командаластарының ішінде ең жоғарғы көрсеткішке ие болды. Данил Белецкий 81-ші орынға жайғасса, Сергей Сирик 85-ші орыннан көрінді.
Жарыс нәтижесі бойынша Струла Хольм Лагрейд жарыс жеңімпазы атанды. Арнд Пайффер екінші, ал норвегиялық Йоханнес Дале үздік үштікті қорытындылады.