БастыСпорт

Ақтөбеде дзюдодан Қазақстан чемпионаты өтеді

Ақтөбеде дзюдодан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Аталған республикалық біріншілік 18-22 ақпан күндеріне жоспарланған. Төрт күнге созылатын байрақты бәсекеге 2004-2005 жылы туған дзюдошылар қатысады. Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент пен еліміздің барлық облысынан 680 спортшы өзара мықтыны анықтайды.

Айта кетерлігі, жарыс барлық санитарлық талапты сақтай отыра, көрерменсіз ұйымдастырылады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button