БастыҚоғам

Еңбек министрлігінің алқа отырысы 26 ақпанда өтеді

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2020 жылғы қызмет қорытындылары және 2021 жылға арналған міндеттер бойынша кеңейтілген алқа отырысы ағымдағы жылғы 26 ақпанда онлайн режимде өтеді.

Іс-шараға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің вице-министрлері, аппарат басшысы, Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің төрағасы, ҚР Парламентінің, ҚР Президенті Әкімшілігінің, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің және орталық мемлекеттік органдардың өкілдері, облыстар, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары әкімдерінің орынбасарлары, халықаралық ұйымдардың, кәсіподақтардың өкілдері және т.б. қатысады.

Отырыс сағат 10.00-де басталады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button