«Экономика салаларының көбінде негізгі капиталға инвестициялар серпінді қарқынмен өсуде. Кен өндіру өнеркәсібін есепке алмағанда, инвестициялардың орташа өсуі 25,5 пайызды құрады. Инвестицияның айтарлықтай өсуін құрылыс – 2,3 есе, өңдеу өнеркәсібі – 2,2 есе, ауыл шаруашылығы – 1,7 есе, көлік – 34, ақпарат және байланыс – 25, жылжымайтын мүлікпен операциялар – 18 пайыз деңгейінде көрсетті», – деді ол.
Министрдің айтуынша, инвестициялар бойынша 13 өңір өсім көрсетті. Ең жоғары көрсеткіштер Түркістан облысында және Шымкент қаласында тіркелді.
«4 өңір төмендеу көрсетті. Олар Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Атырау және Маңғыстау облыстары», – деді Әсет Ерғалиев.