
«Алдымен елдегі криминогендік жағдайға тоқталсақ, бір апта ішінде 3 506 қылмыс жасалды, оның 2 322-і тәулік ішінде ашылды», – деді ресми өкіл.
Оның айтуынша, полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 10 кісі өлтіруді, 1 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 5 қарақшылық, 32 тонау және 487 бөтен мүлікті ұрлау қылмысын ашты


