БастыСпорт

Юлия Путинцева Аустралия ашық чемпионатының үшінші айналымына шықты

Әлемнің 28-ракеткасы қазақстандық Юлия Путинцева екінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 67-орында тұрған бельгиялық Элисон Ван Эйтванкпен кездесті, деп хабарлайды Olympic.kz. Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қарсыластар бұған дейін үш мәрте кездесіп, бәрінде де Юлия жеңіске жеткен болатын. Бірінші партияда есеп 3:3 болған мезетте қазақстандық теннисші брейк жасай алды. Содан кейін сетке доп бергенде, қателескен жоқ – 6:4. Есесіне екінші сетте бельгиялық спортшы брейкпен алға шықты – 2:0. Тағы бір брейк – 4:0. Ақыры ол сол басымдылығын сақтап қалды – 6:1. Үшінші, шешуші партияда қазақстандық теннисші брейкпен алға кетті – 3:1. Ақыры ол матчты тағы бір брейкпен түйіндеді – 6:2. Тартысты бәсеке 1 сағат 55 минутқа созылды.

Путинцева үшінші айналымда әлемнің 5-ракеткасы, украиналық Элина Свитолина немесе рейтингте 48-сатыдағы АҚШ-тың жас жұлдызы, 16 жастағы Кори Гауффтың біреуімен кортқа шығады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button