
Әлгі қосымшаға сүйенгендер тіпті «қызыл» аймаққа өткен кезде де бизнесін жалғастыра береді екен. Мобильді қосымша ковид жұқтырғандарды тани қояды. QR-кодтың көмегімен. Осылайша, әр кәсіпкер өз бизнесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ете алады. Яғни, күдікті адамды кіргізбейді. Бұған қоса, министр елде короновирус жұқтырудың жаңа толқыны болуы мүмкін дегенді де алға артты. Ал, аймақтардағы шектеудің алынуы осы көрсеткіштерге тікелей байланысты деді.