БастыДенсаулық

ДСҰ басшысы коронавирустың салдарынан болуы мүмкін пандемия індеті туралы айтты

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Аданом Гебрейсус Қытайда тараған коронавирустың таралуынан әлемде пандемия дерті артқанын мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Гебрейесустың сөзінше, пандемия әлемде біркелкі таралып жатқан жоқ. Ауырғандардың басым бөлігі кейбір мемлекеттерде тек кішігірім топтарда тіркелген.

ДСҰ-ның басшысы атйуынша, егер қазіргі эпидемия пандемияға ұласса, тиісті шаралар қабылдап, оны бақылауға алуға болады.

Оның мәліметінше, аспан асты елінде медициналық мекемелерден науқастардың жетпіс пайызы үйлеріне қайтарылған. Олардың барлығы коронавирустың жаңа түрінен айығып шыққан.

Гебрейсус Оңтүстік Кореяда ауруды жұқтырғандардың саны қысқарғанын және Италия билігінің барынша коронавирусқа төтеп беру амалдарын жасап жатқанын атап өтті.

ДСҰ басшысы барлық елдерге аурумен күресу үшін қолдан келген шараларды жасауға кеңес берді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Ухань қаласындағы университеттің ғалымдары аталған дерттен емделіп шыққан адамдар өмір бойы осы аурудың зардабын тартуы мүмкін деген тұжырым жасағанын хабарлаған едік.

Чжуннань ауруханасының қызметкері Пэн Чжиюн бұл дерттен айыққан науқас өмір бойына демікпеден зардап шегетінін айта кетті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button