БастыДенсаулық

Елімізде девальвация бола ма

Ұлттық экономика министріне елде девальвация бола ма деген сауал қойылды. Руслан Даленов ұлттық валютаның құнсыздану процесі валюталық дәліз жұмыс істейтін елдерде ғана жүруі мүмкін деді. Оның айтуынша, Қазақстанда валюталық дәліз жоқ деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Дәленов Қазақстанда бағам құбылмалы екенін айтты. Осылайша, елде техникалық девальвация болуы мүмкін емес.

Сондай-ақ Қаржы министрінің орынбасары Берік Шолпанқұловқа мұнайдың бір баррелі 31 доллар болуы Қазақстан үшін қауіпті емес пе деген сұрақ қойылған.

Шенеунік өткен жылдары мұнай бағасы 30 долларға дейін түскенін алға тартып, сол кезде де біздің еліміздің қиындықты оңай еңсергенін айтты. Шолпанқұловтың сөзінше, Қазақстанға дағдарысқа қарсы жоспар көмектескен.

Оның айтуынша, баррелі 30 доллар болса да, бұл ел үшін үлкен қауіп емес.

Дәленов мұнай бағасы 30 доллар болған күннің өзінде, қазақстандық бюджеттің сценарийін «пессимистік» деп атамайтынын, алайда мұндай жағдайда ынталандыратын бағдарламаларды іске қосу керектігін жеткізді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button