БастыДенсаулық

Дубайдан ұшып келген 4 жолаушыдан коронавирус табылды

8 ақпанда халықаралық авиарейспен келген жолаушылар бойынша ақпарат жарияланды.

8 ақпанда Қазақстан Республикасының аумағына Мальдив Республикасы, БАӘ, Түркия, РФ, Беларусь Республикасы және Қырғызстаннан 9 халықаралық әуе рейсі келді.

1 252 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен – 1 060 адам, анықтамасыз – 192 ҚР азаматы келді.

Оның ішінде:

– Алматы қаласының әуежайына – 5 рейс, 800 жолаушы, анықтамамен – 626, анықтамасыз – 174;

– Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 2 рейс, 310 жолаушы, анықтамамен – 295; анықтамасыз – 15;

– Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, 135 жолаушы, анықтамамен – 132; анықтамасыз – 3;

– Қарағанды қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 7 жолаушы анықтамамен келген.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантин стационарында өз нәтижесін күтуде.

7 ақпанда анықтамасыз келген 762 ҚР азаматының ПТР-талдау нәтижесі бойынша Дубай – Нұр-Сұлтан рейсімен келген төрт жолаушыдан коронавирус анықталды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button