БастыҚоғам

Балалар арбасына қоқыс тастаған астаналыққа айыппұл салынды

Полицейлер балалар арбасына қоқыс тастаған елордалыққа айыппұл салды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Полиция қызметкерлері Instagram желісінде әйел адамның хабарламасын көрген. Онда елордалық әйел белгісіз біреудің үйдің кіребесінде тұрған балалар арбасына қоқыс лақтырып жібергенін жазған», – деді полицейлер.

Құқық қорғау органдары ережебұзушыны тапты, ол 23 жастағы тұрғын болып шықты. Полицейлердің мәліметінше, оған 5 АЕК (13 255 теңге) мөлшеріне айыппұл салынды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button