
1 ақпандағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Қазақстанның 4 облысы «қызыл» аймақта тұр. Олар: Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстары. Ал Атырау, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласы «сары» аймақта орналасқан.
Қалған өңірлер мен қалалар – «жасыл» аймақта.
Жалпы Қазақстан «сары» аймақта тұр.