Коронавирус жұқтырғандардың бәрі ауруханаға жатқызылатын болады

Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің жаңа қаулысы шықты.

«15 адамнан аспайтын топтардың жиынтығын сақтау кезінде кезекші топтардан басқа мектепке дейінгі балалар мекемелерінің қызметіне тыйым салынады» делінген қаулыда.

Құжатта бұдан былай коронавирус тестінің нәтижесі оң болғанның бәрі ауруханаға жатқызылатыны да айтылған.

Сауда және ойын-сауық орталықтары демалыс күндері жабылады, кафелерге сағат 20.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілді.

Бөлек тұрған және ірі сауда объектілерінде орналасқан супермаркеттердің, дүкендер мен дәріханалардың жұмысына белгілі бір жағдайларда рұқсат беріледі.

Бұған дейін 1 ақпаннан бастап кинотеатрлар жұмыс істемейтіні туралы хабарлаған болатынбыз.