
Қаулыда мәдени нысандардың, оның ішінде, театрлар мен кинотеатрлардың қызметіне тыйым салу, сондай-ақ ойын-сауық мекемелерінің, яғни жабық мекемедегі балалар ойын алаңдары мен аттракциондардың, батут және басқалардың қызметіне тыйым салу туралы айтылған.
Сондай-ақ, көрмелер, форумдар, конференциялар ұйымдастыруға болмайды.
Отбасылық іс-шараларды (банкет, үйлену тойы, мерейтой, еске алу шаралары) өткізуге тыйым салынды.
Сонымен қатар, өңіраралық және қалалық емес (туристік) тасымалдау қызметіне тыйым салынады. Алматыда демалыс күндері сауда орталықтары жұмыс істемейді. Қаулы 1 ақпанда күшіне енеді.