БастыҚоғам

ШҚО-да жантүршігерлік жол апатынан 4 адам мерт болды

Шығыс Қазақстан облысында жол-көлік оқиғасынан 4 адам көз жұмды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқыс оқиға Шемонаиха ауданындағы «Өскемен-Шемонаиха-РФ» тасжолының 88-ші шақырымында болған. Шемонаиха қаласынан Өскеменге қарай жолға шыққан «КамАЗ 5320» көлігінің 32 жастағы жүргізушісі Рулиха ауылына қарай бұрылатын жерде «ВАЗ 2112» маркалы көлікпен соқтығысқан.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан ВАЗ 2112 автокөлігінің 25 жастағы жүргізушісі және үш жолаушысы (31 жастағы әйел мен 29 жастағы екі ер адам) оқиға орнында мерт болды», – деп хабарлады ведомство өкілдері.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабы 4-бөлігімен (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Бірқатар сот-медициналық сараптамалар тағайындалды, соның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button