БастыҚоғам

2020 жылы 936 мыңнан астам адам Атаулы әлеуметтік көмек алды

2020 жылдың қорытындысы бойынша 184,7 мың отбасындағы 936,2 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) тағайындалды. Бұл мақсатқа бюджеттен 75,3 млрд теңге бөлінді.

АӘК отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ынан төмен азаматтарға тағайындалады.

Бұдан бөлек, АӘК көрсетудің жаңа тетігін іске асыру аясында еліміздің барлық өңірінде табысы аз отбасылардың мектеп жасына дейінгі балаларын кепілдік берілген әлеуметтік топтамамен (бұдан әрі – әлеуметтік топтама) қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде.

2020 жылдың қорытындысы бойынша АӘК алушылар қатарындағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі 218,2 мың бала азық-түлік және тұрмыстық химия жиынтығы түрінде әлеуметтік топтама алды.

Естеріңізге сала кетейік, 119,7 мың отбасындағы 614,3 мыңнан астам қазақстандыққа 2020 жылғы IV тоқсанда атаулы әлеуметтік көмек тағайындау мемлекеттік инстанцияға жүгінбей-ақ автоматты түрде ұзартылды.

АӘК алушыларға бұдан бұрын, II және III тоқсанда ТЖ режимі мен карантиндік шектеу шараларының қолданылуына байланысты көмек тағайындау ұзартылды.

Сонымен қатар, аталған практика 2021 жылғы 1 тоқсанда барлық АӘК алушыларға қолданылды, бұл шаралар халық арасында вирустық инфекцияның таралу қаупін азайтуға мүмкіндік береді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button