БастыҚоғам

Қызылорда облысында үш адамды күйік шалды

Қызылорда облысындағы Құмкөл трассасы бойында жапсарлас салынған екі контейнер жанып, үш адамды күйік шалды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Оқиға 26 қаңтарда «Қызылорда-Құмкөл» трассасының 25 шақырымында серіктестіктердің біріне қарасты бақылау өткізу бекетінде болған.

«Екі контейнермен бірге ондағы тұрмыстық заттар да толығымен жанды. Өрт ошағынан құтқарушылар 50 литрлік газ баллонын сыртқа шығарды. Оқиғада күйік алған үш адам жедел жәрдем қызметіне тапсырылды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», – деп мәлім етті облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінен.

Естеріңізге сала кетелік, бұдан бұрын Қызылорда облысында тұрғын үй өртеніп кеткен еді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button