Бастыпроисшествие

Ақтөбеде көлік апатынан 2 адам көз жұмды

«Ақтөбе-Астрахань» тасжолында жол апаты болды. Апат салдарынан жүргізуші мен жолаушы көз жұмды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

«Ларгус» пен «Ниссан» маркалы автокөлігі соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Ларгус» автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында қаза тапты.

«Ниссан» көлігінің жүргізушісі мен «Ларгустың» екі жолаушысы ауруханаға жеткізілді. Жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Облыстық полиция департаменті жол қозғалысы ережесін сақтауға, жолда абай болуға, арақашықтықты сақтауға шақырады»,- деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Басқа жаңалықтар

Back to top button