БастыСпорт

Қазақстанның үздік теннисшілері рейтингтегі орнын сақтап қалды

Қазақстанның үздік теннисшілері Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) жаңартылған рейтингінде өз орнын сақтап қалды. Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясы хабарлады.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина бұрынғыша 19-ыншы, сондай-ақ Юлия Путинцева 28-інші, Зарина Дияс 81-сатыда тұр. Ал Жібек Құламбаева, Екатерина Дмитриченко, Дарья Детковская және Галина Воскобоеваның рейтингтегі көрсеткіштері төмендеді, өйткені олар өткен аптада ұпайларын толықтыра алған жоқ.

Жұптық сында Г.Воскобоева 72-інші, А.Данилина 139-ыншы, Ю.Путинцева 187-орында қалды.

Ерлер арасында Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығының (ATP) рейтингісінде бұрынғыша сербиялық Новак Джокович көш бастаса, испаниялық Рафаэль Надаль екінші, аустриялық Доминик Тим үшінші орында келеді.

Қазақстандықтардан Александр Бублик 45-інші, Михаил Кукушкин 89-орнында қалса, жарақатына байланысты жарыстардан тыс қалып жүрген Дмитрий Попко 165-тен 167-ге төмендеді.

Жұптық сында М.Кукушкин 76-сатыда қалса, Андрей Голубев 85-тен 88-ге, А.Бублик 88-ден 89-ға, Александр Недовесов 133-тен 134-ке сырғыды.

А.Недовесов бүгін Анталияда басталатын челленджер турнирінде (жүлде қоры – 44820 АҚШ доллары) жұптық сында бақ сынайды. Ол украиналық Денис Молчановпен бірге алғашқы айналымда америкалықтар Роберт Гэллоуэй мен Алекс Лоумен шеберлік байқасады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button