БастыДенсаулық

Коронавирус: Қазақстан «қызыл» аймаққа кірді

25 қаңтардағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Қазақстанның 6 облысы мен қаласы «қызыл» аймақта тұр.

Олар: Ақмола, Павлодар, Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстары мен Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары.

Ал «сары» аймақта Қарағанды мен Алматы облысы бар.

Бүгінгі матрица Қазақстанның «қызыл» аймаққа кіргенін көрсетіп тұр. Қалған өңірлердің бәрі де «жасыл» аймақта орналасқан.

Айта кетейік, 25 қаңтардағы мәлімет бойынша,  27 360 адам коронавирус инфекциясынан (15 661 КВИ+ және 11 699 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 6 827 пациент- стационарда, 20 533 науқас – амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ-  шалдыққандардың арасында:

  • 311 адамның жағдайы ауыр;
  • 43 пациенттің жағдайы өте ауыр;
  • 42 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button