БастыҚоғам

Nur Otan партиясы елордалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары тағайындалды

Бүгін Саяси кеңес Бюросының ұсынуымен Дәулет Кәрібек Нұр-Сұлтан қаласындағы партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Kaznovosti.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып.

2009-2010 жылдары елорданың Алматы аудандық «Jas Otan» ЖҚ төрғасының бірінші орынбасары қызметін атқарды.

2012 жылы ҚР Әділет Министрлігі Сот сараптамалық Орталығының инспекторы лауазымында жұмыс істеді.

2012-2019 жылдары «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» жастар қанатының қалалық және орталық деңгейлерінде түрлі басшылық лауазымдарды атқарды.

2020 жылдың қаңтар айынан бастап «Нұр-Сұлтан қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ басшысы қызметін атқарды.

Дәулет Кәрібек партияда меритократия қағидатына сәйкес тәжірибе жинаған білікті маман. Ол Президенттік жастар кадр резервінде.

Басқа жаңалықтар

Back to top button