БастыДенсаулық

Үкімет басшысы 1 ақпаннан бастап медициналық ұйымдардың халықты «Спутник V-мен» жаппай вакциналауды бастауға дайын болуын қамтамасыз етуді тапсырды

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жаңартылған құрамда Үкіметтің алғашқы отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Kaznovosti.kz

Белгілі болғандай, QazCovid-in отандық вакцинасы клиникалық сынақтардың III кезеңінен өтуде. «Спутник V» вакцинасының сапасын аттестаттау жұмыстары жүргізіліп жатыр. GMP стандарты бар вакциналар шығаратын биофармзауыт салынып жатыр.

«Бүгінгі таңдағы ең маңызды міндет – халықты жаппай вакциналауды ұйымдастыру», — деді Асқар Мамин.

Премьер-Министр Денсаулық сақтау министрлігіне әкімдіктермен бірлесіп, медициналық ұйымдардың халықты «Спутник V-мен» 1 ақпаннан бастап жаппай вакциналауды бастауға дайын болуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Өңірлердің әкімдеріне эпидемиологиялық ахуал нашарлаған жағдайда алдын ала шектеу шараларының жоспарын әзірлеуді, халық пен бизнес субъектілерінің белгіленген санитариялық нормаларды қатаң сақтауын қамтамасыз етуді, бір апта мерзімде инфекциялық стационарлар мен алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарында жеке қорғаныш құралдары мен коронавирусқа қарсы дәрі-дәрмек қорларына тексеріс жүргізу тапсырылды.

Ішкі істер министрлігіне әкімдіктермен бірлесіп, мониторингтік топтардың жұмысын күшейту, Ақпарат министрлігімен бірлесіп түсіндіру жұмыстарын күшейту тапсырылды.

Атап өтсек, қазіргі таңда Covid-19 таралу қарқыны бойынша ҚР-ның 6 өңірі «қызыл аймақта» тұр, атап айтсақ: Ақмола, Атырау, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары және Нұр-Сұлтан қаласы. «Сары аймақта» — Батыс Қазақстан, Алматы және Қарағанды облыстары.

Басқа жаңалықтар

Back to top button