БастыҚоғам

Атырау облысы: Көктемде Береке ықшамауданында 648 отбасы пәтерлі болады деп жоспарлануда

Көктемде Береке ықшамауданынан 9 көпқабатты үй пайдалануға беріліп, 648 отбасы пәтерлі болады деп жоспарлануда. Бұл бағытта облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында құрылыс басқармасы басшысының міндетін атқарушы Мерей Жантөреев мәлімдеді, деп хабарлайды Jana-kezen.kz Атырау облыстық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Биыл пайдалануға берілетін тұрғын үйлер Атырау қаласы Береке ықшамауданынан жалпы алаңы 47530 шаршы метрді құрайды.

«Қазіргі уақытта Атырау облысы Құрылыс басқармасы мен «Запад строй ЕРС» ЖШС арасында 9 әлеуметтік тұрғын үй мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жүзеге асуда. Бүгінгі күні экономика және қаржы басқармасынан және басқа да тиісті мекемелерден келісімдер мен қортындылар алынды»,- деді Мерей Жантөреев.

Айта кету керек, келісім-шартқа сәйкес «Запад строй ЕРС» ЖШС 9 көпқабатты үйді биыл маусым айына дейін толық аяқтап, қаланы теңгеріміне беруге және аталған үйлерді 5 жыл мерзімге өз деңгейінде ұстап, қызмет көрсетуге міндеттеме қабылдайды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button