БастыСаясат

Мәжілістің VII шақырылым депутаттары жалпы отырыста Мәжіліс Төрағасы орынбасарларын сайлады

Бүгін Мәжілістің VII шақырылым депутаттары жалпы отырыста Мәжіліс Төрағасы орынбасарлары қызметіне Балаим Кесебаева мен Павел Казанцевты сайлады, деп хабарлайды Kaznovosti.kz

«Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңға сәйкес, Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Палатаның вице-спикерлері қызметіне Балаим Кесебаева мен Павел Казанцевтың кандидатураларын талқылауға ұсынды.

Мәжіліс депутаттары кандидаттарды бірауыздан қолдады», – делінген Мәжілістің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Балаим Кесебаева – заңгер, Әділет министрлігінде қызмет атқарған. Маңғыстау және Қызылорда облыстарындағы Әділет департаменттерін басқарған. Сонымен қатар, Мәжілістің VI шақырымында Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі болды.

Павел Казанцев – Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің құрамында болды. «Nur Otan» партиясы жанындағы Партиялық бақылау комитетін басқарады. Сондай-ақ, П.Казанцевтің әкімшілік және партиялық жұмыста үлкен тәжірибесі бар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button