БастыСаясат

Мәжілісте VII шақырылым депутаттарының алғашқы жалпы отырысы басталды

Бүгін Парламент Мәжілісінде VII сайланған Парламенттің алғашқы жалпы отырысы өтуде, деп хабарлайды Kaznovosti.kz

Мәжілістің баспасөз қызметінің мәліметінше, «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңға сәйкес, жалпы отырысты Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев ашты.

Төрағалық етуші Орталық сайлау комиссиясында тіркеуден өткен Мәжілістің VII шақырылым депутаттарының аты-жөндері жария етті.

«Жалпы отырыста Мәжіліс депутаттарының ант беруі, Мәжіліс Төрағасын және оның екі орынбасарларын сайлау мәселелері қаралуда.  Сонымен қатар, депутаттар жиында Мәжілістің тұрақты комитеттерінің төрағаларын сайлап, олардың құрамын бекітеді», – делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Басқа жаңалықтар

Back to top button