БастыҚоғам

Сарыөзек гарнизонында 52 пәтердің кілті табысталды

Сарыөзек гарнизонының әскери қалашығында – айтулы күн. Әскери қызметшілердің отбасы күрделі жөндеуден өткен пәтерлеріне қоныстануда. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Kaznovosti.kz

Әскери қалашықтағы тұрғын үй ғимараттары өткен ғасырдың 70-80 жылдары салынған. Күрделі жөндеудің нәтижесінде көптеген үйлерге сән кіріп, жаңа кейіпке және тұруға ыңғайлы қалыпқа енді.

«Барлық пәтерде су, жылу құрылғылары ауыстырылып, сондай-ақ толық ішкі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Пластикалық терезелер орнатылып, ішкі және сыртқы есіктер жаңартылды. Үйдің сырты отқа төзімді жылу оқшаулағыш материалдармен қапталған, балкондар металл жақтаулармен күшейтілген», – делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сарыөзек гарнизонының бастығы подполковник Ержан Ембергенов пен аудандық пайдалану бөлімінің басшысы майор Бейбіт Жұмабаев қоныс тоймен құттықтап, кілттерді табыс етті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button