БастыДенсаулық

Қазақстан «жасыл» аймақтан «сары» аймаққа ауысты

Елімізде соңғы айда коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай нашарлаған. Бұл туралы кеше Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі, Мемлекеттік бас санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов айтты, деп хабарлайды Kaznovosti.kz

Мемлекеттік бас санитарлық дәрігердің сөзінше, Қазақстан тәуекелі төмен жасыл аймақтан орташа қауіпті сары аймаққа ауысты.

“Қостанай және Ақмола облыстары  орташа  қауіпті сары аймақтан  қызыл аймаққа ауысты. Қазір тәуекелі орташа аймақта немесе сары аймақта Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Атырау облыстары тұр. Сондай-ақ, соңғы айда Батыс Қазақстан облысы жасыл аймақтан сары аймаққа көшірілді. Қалған өңірлер жасыл аймақта”, -деді Ерлан Қиясов.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button