БастыСпорт

Ақтоты Райымқұлова шаңғы-роллер трассасының ашылуына қатысты

Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Ақтөбе облысына жұмыс сапары барысында облыс әкімі Оңдасын Оразалинмен бірге «Кірпішті» тұрғын үй алабында орналасқан шаңғы-роллер трассасының ашылуына қатысты, деп хабарлайды Kaznovosti.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазір елімізде спортты оның ішінде бұқаралық спортты дамытуға мемлекет тарапынан тұрақты қолдау көрсетіліп жатыр. Өткен жылы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев балалардың спорттық және шығармашылық әлеуетін дамытуға ерекше назар аударған еді. Бүгін салтанатты түрде ашылған нысан халықаралық бəсекелерде көк туымызды биікте желбірететін спортшыларды қалыптастыруға қызмет етеді деп сенеміз. Министрлік жергілікті мекемелермен бірлесіп, тұрғындардың спортпен шұғылдануына жағдай жасай береді. Бүгін Мәртөк ауданындағы Мәртөк ауылына барып, дене шынықтыру жəне сауықтыру кешенінің ашылуына бардық. Сіздер де құрбы-құрдастарыңызбен жұмылып, дене шынықтырумен айналыса беріңіздер»,-деді Ақтоты Райымқұлова.

Айта кетейік, бұл республикадағы үшінші шаңғы-роллер трасасы. Бұған дейін Алматы мен Щучинскте ашылған еді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button