БастыДенсаулық

5 қаңтарда халықаралық авиарейстермен келген жолаушылар бойынша ақпарат – ВАК

2021 жылғы 5 қаңтарында Қазақстан Республикасының Германия, Корея, Үндістан, Мальдив Республикасы, Мысыр, Түркия, Өзбекстан және Қырғызстаннан 14 халықаралық әуе рейсі келді, деп хабарлайды Kaznovosti.kz Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-тың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

1 940 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 725 адам, анықтамасыз 215 ҚР азаматтары келді.

Оның ішінде:

  •  Алматы қаласының әуежайына – 8 рейс, 1 252 жолаушы, анықтамамен – 1 112, анықтамасыз – 140;
  • Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 2 рейс, 186 жолаушы, анықтамамен – 182; анықтамасыз – 4;
  • Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, 3 жолаушы анықтамамен келді;
  • Шымкент қаласының әуежайына – 1 рейс, 206 жолаушы, анықтамамен – 150; анықтамасыз – 56;
  • Қарағанды қаласының әуежайына – 1 рейс, 143 жолаушы анықтамамен келді;
  • Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, 150 жолаушы, анықтамамен – 135; анықтамасыз – 15.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.

Басқа жаңалықтар

Back to top button