Алматы облысы ТЖД құтқарушылары түні бойы қар құрсауынан адамдарды құтқарды
«ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ Алматы облыстық филиалы мен «Қазақавтожол» ЖШС Алматы облыстық филиалының 2021 жылғы 4 қаңтардағы хабарламасы бойынша сағат 10.30 – дан бастап ауа райының нашарлауына байланысты (қатты боран, бұрқасын, нөлдік көріну) «Үшарал – Достық» республикалық маңызы бар автожолында (84-184 шақырымында, Көктұма ауылы-Достық ауылы) барлық автокөлік түрлері үшін қозғалыс жабылды, деп хабарлайды Kaznovosti.kz Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Осы ақпаратты алғаннан кейін, Алматы облысының ТЖД белгіленген тәртіпте халықты СМС-таратылымдар арқылы, БАҚ және әлеуметтік желілер, сондай-ақ «Дәрмен» мобильді қосымшасы және ТЖД ведомстволық интернет-ресурсы арқылы хабардар ету жүргізілді. Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдар мен мүдделі қызметтер ақпараттандырылды. Азаматтар мен автомобильдердің автожолының жабық учаскесіне кіруін және өтуін болдырмау мақсатында Алакөл ауданының ЖПҚ қызметкерлері екі блок бекет (Көктұма ауылы және Достық станциясы жағынан) қойды. Қыс мезгілінде ТЖ кезінде авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде жедел әрекет ету үшін Алакөл ауданы ТЖ бөлімінің жауапты қызметкері және Алматы облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағы Ақши ауылының құтқару бөлімшесі Көктұма бекетінің блогына (84 шақырымындағы) жіберілді.
Қабылданған шаралармен қатар, 4 қаңтарда Алматы облысы ТЖД құтқарушылары авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге шықты. 4 қаңтар күні сағат 11.00 – де Алматы облысы ТЖД «112» кезекші байланыс пультіне «Үшарал-Достық» (Ырғайты учаскесі) тас жолының 95 шақырымында қар құрсауында 3 жүк көлігі қалғаны туралы хабарлама келіп түсті, онда 3 жүргізуші бар. Құтқарушылармен ұялы байланыс арқылы байланысқан жүргізушінің айтуынша, аталған жүк көліктері автожолдың жабылуына дейін осы учаскеге шамамен 2021 жылғы 3 қаңтарда сағат 23.00-де кірген. ТЖД қызметкерлері көлік құралдарынсыз жүргізушілерді эвакуациялауды ұсынды, бірақ жүк көліктерінің жүргізушілері эвакуациядан бас тартты. Автожолдарды қар құрсауынан тазарту үшін ауданның жол қызметтері орнына жіберілді, алайда қатты боран мен нөлдік көрінудің салдарынан автожолды тазалау мүмкін болмады және жол қызметтері кері қайтты. Кейінірек, сағат 15.30-да бірнеше келіссөздерден кейін және автокөліктерде жанармай қатып қалғаннан кейін жүргізушілер эвакуациялауға келісті және құтқарушылар оларға көмекке кетті.
Құтқарушылармен бірге алғашқы машина («Вахтовка» КАМАЗ) Көктұма ст.бекетінің блогынан шықты, құтқарушылар келген соң қар басып қалатын учаскенің басына онда нөлдік көріну және кей жерлерде қар құрсауының биіктігі шамамен 2-3 метр екені анықталды. Осыған байланысты, Алматы облысы ТЖД базасында құрылған штаб шақыру орнына қосымша күштер мен құралдарды жіберуге шешім қабылдады: Орал базасында «ТРЭКОЛ» қарлы-батпақты, «Шнекоротор», жалпы шақыру орнына Алматы облысы ТЖД 8 қызметкері мен 3 бірлік техникасы және «Қазақавтожол» ЖШС-нен 2 қызметкер мен 1 бірлік тиегіш-техника шықты.
Ауа-райы жағдайларына байланысты (боран, нөлдік көріну, жел 20-25 м/с, екпіні 30 м/с дейін, ауа температурасы -30 градус аяз, кей жерлерде қардың биіктігі 2-3 метр) іздеу жұмыстары мен автожол бойынша қозғалыс өте қиын болды, орташа қозғалыс жылдамдығы сағатына 1-2 шақырымды құрады.
Қабылданған шаралар және арнайы техника мен жабдықтарды қолдана отырып, құтқарушылардың күш-жігерінің арқасында қар құрсауында қалған азаматтар тек 5 қаңтарда таңертең табылды, құтқарушылар тобының бірінде сағат 07.40-та 3 жүргізуші қауіпсіз жерге эвакуацияланды.
Сонымен қатар, 5 қаңтар күні сағат 04.00-де Қаратал ауданында Талдықорған қаласынан 30 шақырым қашықтықтағы «Сарыкөл» учаскесінде «Исузу» маркалы жеңіл автокөлігі қар құрсауында қалып қойды, оның салонында 5 адам (барлығы ересектер) болды. ТЖД құтқарушыларының күшімен (3 құтқарушы және 1 бірлік техника – «Вахтовка» КамАЗ), сағат 06.30-да аталған азаматтар Талдықорған қаласына эвакуацияланды.
Сондай-ақ, Достық станциясының №20 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері сағат 21.20–да ШҚО аумағында (Достық-Мақаншы а/ж 55 шақырымында) Жалаңашкөл станциясы ауданында қар құрсауынан 2 жүк автомашинасы шығарылды, салонында 4 адам болды, олар эвакуациялаудан бас тартты.
Барлық құтқарылған және эвакуацияланған адамдар медициналық көмекке мұқтаж емес еді.
Алматы облысының ТЖД азаматтардан осы бағытта жол жүруден бас тартуды және 112 қызметі беретін СМС хабарламаларды назардан тыс қалдырмауды сұрайды. Алыс жолға шыққан кезде ауа-райы болжамымен танысып, төтенше жағдайларда сізге көмектесетін барлық қажетті заттарды өзіңізбен бірге алып жүруіңіз қажет.