БастыҚоғам

Ұлттық парктер мен өзге де табиғи байлықтарды қорғау бойынша заң нормалары күшейтіледі

Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Орталық коммуникациялар қызметіндегі Мемлекет басшысының Жолдауындағы тапсырмаларды орындауға арналған іс-шаралар туралы брифингте айтты, деп хабарлайды Kaznovosti.kz

«Пандемия ішкі туризмге сұраныстың артқанын көрсетті. Сонымен бірге азаматтарымыздың экологиялық мәдениетінің төмендігін де байқатты. Қорықтар мен ұлттық парктерде туристердің артынан тонналаған қоқыс қалады. Соңғы кездері елді мекендерде заңсыз ағаштар мен бұталарды кесу фактілері де болды»,- деді Мағзұм Мырзағалиев.

Осыған байланысты Министрлік мүдделі мемлекеттік органдармен бірге заңсыз ағаш кесуге жауапкершілікті күшейту бойынша бірқатар шаралар қабылдаған.

«Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің жасыл екпелерді күтіп-ұстау мен қорғаудың үлгілік қағидаларына толықтырулар енгізіледі. Қызыл кітаптағы ағаштарды заңсыз кесу, жою, зақымдау кезінде орнына компенсациялық өтем ретінде отыз ағаш егілуі керек. Жеке және заңды тұлғаларға тиесілі нысандардың іргелес аумағындағы ағаштарды кескен адам орнына он ағаш отырғызады. Бұрын көрсетілген ережелерде бұл болмаған. Сонымен қатар Орман заңнамасын бұзудан келтірілген зиянның мөлшерін есептеу үшін базалық ставкаларға өзгеріс енді. Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген әрбір заңсыз кесілген ағаш үшін зиянды өтеу мөлшері 6 АЕК-тен 1000 АЕК-ке дейін ұлғайтылды. Әкімшілік және Қылмыстық кодекстерге де өзгерістер енгізілген», -деп атап өтті министр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button